Жетісу облысында бұрынғы педагог баланы ұрды деген күдікке ілінді

Бүгін, 15:27 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Кербұлақ ауданында бұрын білім беру саласында жұмыс істеген әйелге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты taldykorganec\_kolesa парақшасына сілтеме жасап.

Оған 8 жастағы қызды соққыға жықты деген айып тағылған.

Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлағандай, кәмелетке толмағанға денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп мәлімдеді ведомство.

Тергеу қорытындысы бойынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Тэгтер:

педагог Жетісу облысы