«Балаларды ұрлап жатыр»: Полиция желіде фейк-ақпарат тарағанын мәлімдеді

Бүгін, 14:34 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде тараған жалған ақпаратқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Онда «Ішкі істер министрлігі елдегі қауіпті жағдайға байланысты есік-терезелеріңізді жауып жүру керек, мигранттар балаларды ұрлап жатқанын ескертті» деген фейк-ақпарат жазылған.

«Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы тарап жатқан ақпарат фейк екенін хабарлайды. Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», - деп хабарлайды ІІМ.

Ішкі істер органдары қандай да бір күдікті жағдай орнаса, 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.