Қарағандыда кішкентай бала 12 магнит жұтып қойған

Бүгін, 12:26 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қарағандыда бала 12 магнитті шарикті жұтып қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сәбидің іші қатты ауырып, шағымданғаннан кейін оны көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру барысында оның ішінен жылан пішінінде тізілген магнитті шариктерді анықтады. Бала 12 шарикті жұтқанын мойындаған.

«Бір қарағанда бұл — жай ғана ойыншық. Бірақ ағза ішінде мұндай шарлар бір-біріне жабысып, тіндерді қысып, жыртады. Әрбір минут кешігу баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді», — деді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Хирургтар жедел ота жасап, кішкентай науқастың өмірін аман алып қалды.