Ұлытау облысында жылыту маусымына дайындыққа 36,6 млрд теңге бөлінді

Бүгін, 11:49 / Інжу Әлихан
Фото: Akorda.kz. Ұлытау облысы

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Үкімет отырысында өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жалпы облыстың жылыту маусымына дайындыққа 36,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Жезқазған қаласының жылу-электр орталығында 2 қазандық пен 3 турбинада ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ 4 қазандық пен 1 турбинаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Дайындық деңгейі – 74%. Жөндеуге 6,8 млрд теңге бөлінген.

«Облыстың жылу желілерін жөндеуге 8,1 млрд теңге бөлінді. 48 шақырым жылу желілері жөнделуде, оның ішінде қазіргі уақытта 32 шақырым бойынша жұмыстар аяқталды. Барлық жұмыстарды осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Дастан Рыспеков.

Тэгтер:

Бюджет Үкімет жылыту маусымы ақша қаражат Ұлытау облысы 2025