«Қайраттың екінші отбасы бар»: Гүлзира Айдарбекова ұлына қатысты қауесетке пікір білдірді

Бүгін, 11:40 / Інжу Әлихан
instagram

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты жалған ақпарат таратқан оқырманын сотқа бермек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы әншінің жеке өміріне қатысты пікір білдірген.

«Қайратттың екінші отбасы бар. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының қызы. 2022 жылы үйленді», – деп жазды бір оқырманы.

Ал продюсер аталған қауесетті жоққа шығарып, жалған ақпарат таратылғаны үшін сотқа жүгінетінін айтты.

«Осы сөзіңіз үшін жауап бересіз. Бәрін дәлелдейсіз. Осындай жала жапқаның үшін сотқа беремін. Дайын бол. Фейк аккаунтты да табу қиын емес», – деп жазды продюсер.

Тэгтер:

Отбасы Қайрат Нұртас Гүлзира Айдарбекова