Астанада курс сатқан блогер 5 жылға сотталды

Бүгін, 10:58 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Астана қаласында өзін онлайн сауда бойынша бизнес-тренер ретінде таныстырған әйел 50 миллион теңгеден астам қаржымен азаматтарды алдап кеткені үшін сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті Instagram әлеуметтік желісі арқылы онлайн сауда мен тауар сатып алу курстарын ұсынып, клиенттерді тартқан. Оқу аяқталған соң, тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, инвестиция сомасының 10 пайызы көлемінде пайда түсетінін уәде еткен.

Алайда төлем алғаннан кейін әйел сенгіш азаматтармен байланысын үзіп, ізін жасырған.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа айыпталушының кінәсін дәлелдейтін деректерді ұсынды. Сот оларды жеткілікті деп танып, оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Тэгтер:

Астана Сот курс