Көкшетауда 2 қызды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Бүгін, 10:28 / Інжу Әлихан
скриншот

25 тамыз күні Көкшетау қаласы Застанционный кентіндегі «Шанхай» шағын ауданында жеңіл көлік екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Halyqstan» Telegram-арнасының хабарлауынша, желіде жол-көлік оқиғасының бейнежазбаға түсіп қалған сәті тарады. Онда қыздар жолды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп бара жатқан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кентте көлік инфрақұрылымы нашар дамыған. «Жол кедергілері» де, белгілер де жоқ.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде патрульдік қызмет келген.

«Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру аяқталған соң қосымша ақпарат беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», — деп хабарлады облыстық ПД.

Зардап шеккендердің жағдайы әзірге хабарланған жоқ. 

Тэгтер:

Көкшетау