Мөлдір Әуелбекова қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

25 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Әнші жол бойында баяу жүретін көлік жүргізушілеріне көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Құрметті жүргізушілер! Сол жақ жолаққа шығып алып 40/50 жылдамдықпен жүруді қойыңыздаршы! Ол үшін оң жолақ бар! Сіз жайбарақат, жайылып жүргенде, ел асығыс: жұмысқа, ауруханаға, әуежайға кешігіп жатуы мүмкін! Оң жаққа шық та, керек десең 20-мен жүр! Бірақ сол жолақты босатшы, өтініш! Эгоист болмайық! Жол бәріне ортақ!», - деп жазды ашынған әнші әлеуметтік желіде.

Тэгтер:

көлік Мөлдір Әуелбекова