Маңғыстаулық балуандар Хорватиядағы әлем кубогінде 5 медаль алды

25 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
lada.kz

24 тамызда Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан әлем кубогі аяқталды. Маңғыстаулық спортшылар  бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем кубогының алтын жүлдесін Сабыржан Сарсенғалиев (+94 кг) пен Бекзат Баймұратов (85 кг) жеңіп алды.

48 кг салмақта Асемхан Исаханова күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қола медаль иегерлері – Әбуәкір Жанибеков (69 кг) пен Елжан Жұмаділ (+94 кг).

Федерацияда атап өткендей, спортшылар тартысты әрі көрермендерге қызықты белдесулер өткізді және қатты бәсекелестікке қарамастан, жеңіс тұғырынан көріне білді.

Спортшылар мен бапкер Болат Дүйсенбиев Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына, сондай-ақ олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

 

Тэгтер:

Маңғыстау джиу-джитсу әлем кубогі Хорватия