Колумбияның Серета қаласында тұратын ерлі-зайыпты жаңа туған сәбиіне ерекше есім қойған, , деп хабарлайды turkystan.kz Colombia One-ға сілтеме жасап.
Олар ChatGPT-дің құрметіне сәбиге Чат Йипити (Chat Yipiti) деген есім берген.
Чат Йипити есімі Колумбияда анау айтқандай жаңалық емес. Кейінгі кезде ата-аналар танымал тұлғалар мен озық технологиялардың құрметіне есім беруді үрсдіске айналдырған.
2023-2024 жылдар аралығында тіркелген ерекше есімдердің арасында U.S.Navy (АҚШ Әскери-теңіз күштері) құрметіне Уснейви, футболшылар мен әншілердің құрметіне Месси Андрес, Даяна Валентина Шакира секілді есімдер көп қойылған.