24 тамызда Павлодарда жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сағат 22:06-да облыстық жедел жәрдем станциясына Назарбаев даңғылында тұрған көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Мекенжайға келген дәрігерлер шамамен 30-35 жастағы әйелдің жан тапсырғанын тіркеді. Ол биіктен құлап, алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.