Петропавл Қытайға құс етін экспорттайды

Бүгін, 00:04 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Петропавл Қытайға қазақстандық құс етінің экспортын ашады, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.

Әкімдіктің айтуынша алғашқылардың бірі болып қаладағы құс фабрикасы кәсіпорны өз өнімін жеткізеді.

Мамыр айында екі ел жеткізу талаптары туралы хаттамаға қол қойды.

"2025 жылдың I тоқсанында елдер арасындағы агроөнеркәсіптік кешен тауар айналымы 430 млн долларға жетіп, 45% өсімді құраған. Оның шамамен 300 млн доллары қазақстандық экспорт", - деді ауыл шаруашылығы министрлігі.