Алматы қаласының Бостандық ауданындағы учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды "Алматы Су".
Мекеменің мәліметінше, құбырларды ауыстыруға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай 24-30 тамыз күндері Әбіш Кекілбайұлы көшесінің Байқадамов және Есқараев көшелері аралығындағы учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
"Бұл шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыстарды сапалы атқару мақсатында енгізіліп отыр.Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықты ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бұған дейін Асқаров көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелген еді.