Жаңалықтар

«ЗачОт-2016» байқауының жеңімпаздары анықталды

ашық дереккөзі

«ЗачОт-2016» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасында білім беру тақырыбына ең үздік жариялым жасаған авторлар арасында және БАҚ ішінде өткен VIІI Республикалық «ЗачОт» байқауы қорытындысын шығарды.  Байқау 2009 жылы бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы, бүгінгі Aлматы Менеджмент Университеті (Alma University) бастауымен дүниеге келіп, міне, Қазақстандық баспасөз клубы қолдауымен 7 жылдан бері өтіп келеді. Байқаудың мақсаты- Қазақстандағы білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, сонымен қатар БАҚ – тың еліміздегі білім беру мәселесін терең әрі объективті көтеруге ынталарын арттыру, білім тақырыбына жазып жүрген тілшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Байқауға барлығы 36 автордан 195 жұмыс түсті. Байқауға 13 газет, 11 сайт, 4 теле- және 1 радиоарнасы, 3 ақпараттық агенттік, 4 журнал және 1 блог-платформа қатысты; 36 жіберілген өтінім ішінен 8 - аймақ авторларының еңбектері және басылымдар болды, 11 – мемлекеттік тілде жазатын БАҚ пен авторлардан келіп түскен. Қазылар алқасы іріктеп алу барысында негізге алған талаптардың ішіндегі бастылары: жарияланымның өзектілігі және маңыздылығы; мәселені көтере білу және оны жан-жақты ашу; мазмұндау шеберлігі мен кәсіпқойлық; іріктеу барасында өзекті тақырыпты көтеріп, оны терең талдап, жан-жақты аша білуіне аса мән берілді, сонымен қатар барлық ұсынылған материалдар БАҚ-та ақысыз жарияланған болуы керек еді. Байқауда авторлардың өздері жіберген материалдарға артықшылық берілді. Номинанттардың жартысы 2016 жыл бойы масс-медиа беттерінде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу арқылы анықталды. Баспасөз мониторингі қорытындысын Қазақстандық баспасөз клубы берген. «ЗачОт-2016» байқауы қазылар алқасының құрамына кіргендер: 1. Асылбек Қожахметов, Almaty Management University президенті; 2. Әсел Караулова, Қазақстандық баспасөз клубы президенті; 3. Дос Көшім, саясаттанушы, публицист, «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; 4. Лариса Коковинец, «Казкоммерцбанк» АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметінің директоры. Ұсынылған жұмыстармен, мониторинг бойынша үздік жарияланымдармен танысып, қазылар алқасы 19 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар 1 БАҚ байқаудың арнайы сыйлығына ие болды. Сонымен, басылымдар арасында жеңімпаз атанғандар: Forbes.kz сайты «ЗачОт-2016» жүлдесін «Сараптамалық пікір» номинациясы бойынша; «Бизнес&власть» газеті «ЗачОт-2016» жүлдесін «ҚР бизнес-білім беру тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша; Atameken Business Channel «ЗачОт-2016» жүлдесін «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша; «Факультет наук» бағдарламасы, HitTV телеарнасы, «ЗачОт-2016» жүлдесін «ҚР-да ғылым тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша№ Авторлар арасындағы жеңімпаздар: Катерина Клеменкова, 365info.kz сайты, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Академиялық адалдық тақырыбына жазылған үздік материал» үшін алды; Гүлмира Садық, «Қазақ үні» газеті, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Білім тақырыбы бойынша үздік мақала» үшін алды; Қымбат Елтайқызы, Baq.kz ақпарат агенттігі, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Білім беру саласының жаңалықтарын жедел жеткізу» үшін алды; Жансая Есмағанбетова, «Керек.info» газеті, Ақтөбе облысы, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Аймақтық БАҚ-та білім тақырыбы бойынша үздік мақала» үшін алды; Ермұрат Назарұлы, «Қазақстан-Заман» газеті, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Білім тақырыбы бойынша үздік сұхбат» үшін алды; Ксения Воронина, kazpravda.kz сайты, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Қосарлы білім беру тақырыбына жазылған үздік материал» үшін алды; Кәмшат Тасболат, «Айқын» газеті, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» алды; Наталья Батракова, КТК телеарнасы, «ЗачОт-2016» жүлдесін «Теледидарда білім беру тақырыбы бойынша үздік сұхбат» үшін алды; Ольга Власенко, «Эксперт-Казахстан» журналы, «ЗачОт-2016» жүлдесін «ҚР-дағы жоғары мектеп саласын реформалау туралы үздік мақала» үшін алды. Alma University белгілеген арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар сыйлықтарын жоғарғы оқу орнының Мектептері мен Департаменттері жетекшілерінен алды. Сонымен, «AlmaU тұлғалары» арнайы номинациясын Kazakh TV телеарнасына жоо-ның ректоры Алмагүл Қанағатова тапсырды. «Курсив» газеті «ЗачОт-2016» жүлдесін «StartUp Tour-дың қазақстандық кезеңін үздік насихаттағаны үшін» арнайы номинациясында алды. Асқар Меңдыбаевке, 31 телеарнасы, «ЗачОт-2016» жүлдесін «AlmaU-дың МВА бағдарламалары 20-жылдығы туралы үздік ролигі» арнайы номинациясында AlmaU Бизнес Жоғары Мектебіның директоры Гүлнар Куренкеева тапсырды. «Экспресс К» газеті «ЗачОт-2016» жүлдесін «AlmaU-марафоны туралы үздік мақала» арнайы номинациясында алды. Tengrinews ақпарат порталына «Аты аңызға айналған кәсіпкерлер» кітабы туралы үздік бейнерепортаж» арнайы номинациясын жобаның жетекшісі Нүрия Хасанова тапсырды. «Аты аңызға айналған кәсіпкерлер» кітабы туралы үздік репортаж» арнайы номинациясын Forbes.kz сайтының редакторы орынбасары Виктор Бурдин алды! «ЗачОт-2016» байқауының арнайы сыйлығына National Business журналы ие болған. Сонымен қатар «ЗачОт-2016» Республикалық байқауының құрмет дипломы үздік медиа серіктес ретінде Қазақстандық баспасөз клубына тапсырылды. Барлық жеңімпаздарға диплом және естелік төсбелгілер, Alma University бағалы сыйлықтары тапсырылды. 20 жүлдегерге планшет сыйлыққа берілді.