Астанада танымал блогер қамауға алынды

24 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Астанада даулы видео жариялаған танымал блогер 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ІІМ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, блогер әрі көңіл көтеру орнының арт-директоры жұрттың назарын аудару үшін әдепсіз бейнелер жариялаған.

"Видеода мекеме қонақтарына тиіскен сәттері, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер бар. Бұл жазбалар қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды", - делінген хабарламада.

33 жастағы азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынған.

Осы орайда полиция қаралым мен "лайк" үшін заң бұзуға жол берілмейтінін еске салды.

"Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес", - делінген хабарламада.