«Ішімдегі жазылмайтын жара»: Роза Рымбаева көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Бүгін, 01:54 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева марқұм жұбайы, белгілі күйші әрі композитор Тасқын Оқаповты еске алып, оның қазасы өзіне жазылмас жара болып қалғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің сөзінше, ол ауыр қайғыны жүрегінде сақтап келеді. Дегенмен, перзенттерінің алдында әлсіздік танытпауға тырысқан. Рымбаева аналық борышын бірінші орынға қойып, балаларын сабырға, қайсарлыққа баулуды мақсат тұтқанын жеткізді.

Өнер иесінің бұл жүрекжарды сөзі көпшілікті толқытты. Желі қолданушылары әншінің өмірлік ұстанымына тәнті болып, оған қолдау білдірді.