ТЖМ құтқарушылары Алматы қаласы Медеу ауданының "Горный гигант" ықшамауданындағы жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіруде жоғары дәреже бойынша жұмыс істеді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, өрт көрші ғимараттың шатырына ауысқан.
"Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Шұғыл өзара әрекет ету қызметтері оқиға орнында жағдайды бақылауға алған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт шамамен 1000 ш. м. алаңда сөндірілді.