«Жүргізуші куәлігі берілмеуі тиіс болған: Бестеректегі қайғылы жағдайға қатысты жаңа дерек шықты

23 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Абай облысындағы Бестерек ауылында үш бала қаза тапқан жол апатынан кейін сот жүргізушіні куәлігінен айырды. Оның медициналық есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Жүргізуші 2013 жылдан бері "эпилепсия" диагнозымен есепте тұрғаны анықталды.Ол мұндай дертпен куәлікті қалай алғаны әлі анықталып жатыр.

"Үржар аудандық сотына Серік Аңсабаевқа қатысты эпилепсиямен ауыратынына байланысты Абай облыстық полиция департаментінен талап арыз түсті. Үржар аудандық соты бұл істі заң аясында қарап, оның жүргізуші куәлігінен айырды", - деді Үржар аудандық сотының төрағасы Шынар Оспанова.