Шымкентте жол ережесін бұзған депутат жүргізуші куәлігінен айырылды

23 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ерғали Аманбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 590-бабы 4-бөлігі (көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқарe) бойынша істі қарады.

— 20 тамызда Lexus көлігін тексеру барысында, оның жүргізушісі Ерғали Аманбаев болған. Көлікке орнатылған «777...» нөмірлі белгісінің басқа көлікке тіркелгені анықталды. Жауапкердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және заттай дәлелдемелерді алу туралы актімен расталды, — деп хабарлады сотта.

Сот отырысы барысында Аманбаев көлігіне жалған інісі орнатқанын, ал өзі оны байқамай қалғанын түсіндірді және қатаң жаза тағайындамауды сұрады.

— Сот құқық бұзушылық фактісі расталған деген қорытындыға келді. Жағдайды жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Ерғал Аманбаев ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, — деп нақтылады сот отырысында.

Сот Аманбаевқа 4 тәулікке әкімшілік қамауға алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.