Жаңалықтар

«Кселл» iPhone 7 және iPhone 7 Plus RED смартфондарына тапсырыс қабылдайды

ашық дереккөзі

«Кселл» iPhone 7 және iPhone 7 Plus RED смартфондарына тапсырыс қабылдайды

«Кселл» келісім-шарт бойынша iPhone 7 және iPhone 7 Plus (PRODUCT)RED смартфондарының шектелген сериясына алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Қазақстандағы Apple ресми дистрибьюторы «Кселл» АҚ келісім-шарттық ұсыныстар бойынша iPhone 7 және iPhone 7 Plus (PRODUCT)RED Special Edition смартфондарына алдын ала тапсырыстар қабылдай бастады және сол арқылы Apple компаниясының ЖҚТБ-ға қарсы жаһандық күресіне қатысуды көздеп отыр. «Apple компаниясы 10 жыл бойы (RED)* жобасын және оның ЖҚТБ-ға қарсы күрес бағдарламасын қолдап келеді. Apple корпорациясының хабарламасы бойынша, жоба шеңберіндегі барлық уақыт аралығында, қызыл түсті Apple өнімдерін сатудан 130 млн. доллардан астам қаржы жиналған. Енді «Кселл» компаниясы да адам өмірін сақтап қалу бойынша үлкен мәнге ие iPhone ерекше сериясын жүзеге асыра отырып, (RED) бағдарламасының бір бөлігі болатындығын қуана жариялайды. Біз Kcell Store желісінде келісім-шарттық ұсыныстар бойынша iPhone 7 мен iPhone 7 Plus (PRODUCT)RED Special Edition смартфондарына алдын ала тапсырыстар қабылдай бастадық. «Кселл» ритейл-желісінде әрбір осындай смартфон сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін Apple ЖҚТБ таралуына қарсы күрес Жаһандық қорына аударады», - деді «Кселл» АҚ-ның бас атқарушы директоры Арти Отс. IPhone 7 мен iPhone 7 Plus (PRODUCT)RED Special Edition модельдері 128 ГБ және 256 ГБ-пен ұсынылған. iPhone 7 және iPhone 7 Plus (PRODUCT)RED Special Edition келісім-шарт бойынша құны мен келісім-шарттық пакеттер толтырулары «Кселл» ритейл-желісіндегі осы сияқты модельдердің әдеттегі сериясы үшін өзгеріссіз қалады. Пакеттер 25400 теңгеден 32400 теңгеге дейін алдын-ала төлемді, 12, 18, 24 айға есептелген. Ай сайынғы төлем келісім-шарттық пакеттің мерзіміне, модель мен қосылған қызметтер көлеміне байланысты 18900 теңгеден 41500 теңгеге дейін түрленеді. Смартфонның таңдаған моделіне, келісім-шарттық пакетіне және келісім-шарттық мерзіміне қатысты, пакеттерге айына 35 ГБ дейін мобильді интернет-трафик, Kcell/activ желісі ішіндегі шектеусіз қоңыраулар минуттары, Kcell/activ желісі ішінде 1000 SMS, 100 минутқа дейін халықаралық қоңыраулар мен ай сайын 50 минутқа дейін роумингтегі қоңыраулар (белгілі бір бағыттар бойынша), Қазақстанның басқа мобильді операторлар желілеріне 1000-ға дейін қоңырау шалулар кіреді. Ашық-қызыл корпусты iPhone 7 мен іРһопе 7 Plus (PRODUCT)RED Special Edition келісім-шарттық смартфондарға алдын ала тапсырыс өтінімдерін келесі онлайн сілтеме бойынша https://www.kcell.kz/kk/phone/preorder, сондай-ақ, Kcell Storе немесе компанияның Қазақстан бойынша кез-келген абоненттік кеңсесіне хабарласып, қалдыруға болады.