Министрлік магистратураға грантқа түскендердің тізімі жарияланды

Бүгін, 12:14 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға грантқа түскендердің тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл конкурсқа қатысу үшін 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық.

"Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – "Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім инистрлігі.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау процесі 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады.