Елімізге Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді

Бүгін, 11:04 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.