Әзербайжан елінде 61 жастағы әйелдің үстіне бетон қоршау құлады

22 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Әзербайжан Республикасының Лянкяран қаласында бетон қоршаудың құлауы салдарынан бір әйел зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің жергілікті бөліміне Лянкяран қаласында бір адамның дәрменсіз күйде қалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖМ Оңтүстік аймақтық орталығының құтқарушылары жедел жеткен.

Оқиға орнында жедел жағдайды бағалау кезінде 1964 жылы туған Брильянт Бабаева есімді әйелдің жеке тұрғын үйдің құлаған бетон қоршауына қысылып қалғаны анықталған.

Құтқарушылар арнайы құралдарды қолданып, жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде әйелді үйінді астынан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Тэгтер:

Әзербайжан бетон