Қасым-Жомарт Тоқаев әкесі соғысқа аттанған ғимаратқа барды

22 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған.

Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.

Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс