Жаңалықтар

АҚШ Қарағандыдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеспек

ашық дереккөзі

АҚШ Қарағандыдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеспек

«Қазақтан-Америка Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі су тасқынынан жапа шеккен қазақстандықтарға көмектесу үшін қаражат жинау науқанын бастады. Қ

ауымдастықтың қолдауымен және АҚШ-тағы қарағандылықтар Василий Бондарчук және Елена Бродкорбтың ықпал етуімен 10 мың доллар ақшалай көмек көрсетілмек. Аталмыш қорға екі күн ішінде 1630 доллар жиналған. Барлық жиналған қаржы Қарағандыдағы Қызыл Жарты ай Қоғамының щотына аударылады. «Қауымдастық беймемлекеттік, бейсаяси және бейкоммерциялық бірлестік ретінде әрекет етеді, басты бағыты — екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды кеңейту және америкалықтарды Қазақстанның мұрасымен және мәдениетімен таныстыру. Біз АҚШ-та тұрақты тұратын қазақстандық диспораның нығайына жәрдемдесеміз, сонымен қатар елге уақытша келген отандастарға қолдау көрсетеміз», — деп таныстырды өздерін қауымдастық мүшелері.