Зерттеу: Интернетте саяси белсенді адамдардың психопатиясы – жоғары, когнитивтік қабілеті төмен болады

22 тамыз, 2025 / Ербұлан Қайрат

Жаңа халықаралық зерттеу көрсеткендей, интернетте саяси белсенді адамдар көбіне психопатиясы жоғары және когнитивтік қабілеті төмен тұлғалар болып шықты. Ғалымдар атап өткендей, кейбір «қараңғы» мінез-құлық белгілері бар адамдар, әсіресе FoMO (бірдеңеден қалып қоюдан қорқу) сезімі бар және когнитивтік қабілеті жандар желіде саяси белсенді болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу Humanities and Social Sciences Communications журналында жарияланған және сегіз елді қамтыған: АҚШ, Қытай, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Филиппин, Тайланд және Вьетнам. 8000-нан астам қатысушы зерттеуге қосылды. Оларға психопатия, нарциссизм, FoMO және когнитивтік қабілеттерін бағалайтын сауалнамалар толтырылған.

Нәтижелер эмоционалды қасиеттердің ойға негізделген әрекеттерге қарағанда интернеттегі саяси белсенділікті анықтауда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Әсіресе әлеуметтік желілер импульсивтілік, эмоцияны білдіру және назар аудару сияқты психопатия мен нарциссизмге байланысты белгілерді ынталандырады.

Зерттеу авторы, Наньян технологиялық университетінің доценті Сайфуддин Ахмедтің айтуынша, «онлайн саяси белсенділікте адамдардың мінез-құлқы мен когнитивтік ерекшеліктері маңызды рөл атқарады. Біз осы факторлардың әртүрлі мәдениеттерде қалай әрекет ететінін зерттегіміз келді» дейді.

Тэгтер:

онлайн саяси белсенділік