Таиланд билігі 200 мың шетел азаматына тегін әуе билеттерін таратпақ

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Тайланд билігі ел туризмін жандандыру мақсатында 200 мың шетелдік қонаққа тегін ішкі әуе билеттерін таратуды жоспарлап отыр. Бағдарлама қыркүйек–қараша айларында жүзеге асуы мүмкін және оған Thai Airways, Thai AirAsia, Bangkok Airways, Nok Air, Thai Lion Air және Thai Vietjet секілді алты әуе компаниясы қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz e.vnexpress.net-ке сілтеме жасап.

Елдің Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жобаға 700 млн бат бөлінеді. Үкімет мақұлдаса, тегін билеттер елге халықаралық рейспен келген шетелдіктерге ұсынылады. Әрбір туристке 20 келіге дейін жүкпен бір ішкі бағытқа тегін барып-қайту мүмкіндігі беріледі.

Билік үш айлық науқаннан 8,8 млрд бат (шамамен 243 млн АҚШ доллары) табыс күтеді. Биылғы жылдың 17 тамызына дейін Тайландқа 20,8 млн шетелдік турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға аз.

Жобаның мақсаты – тек танымал курорттар ғана емес, аз зерттелген өңірлер мен ЮНЕСКО тізіміндегі нысандарға да туристерді тарту.

Тэгтер:

Таиланд билет тегін әуе билеттері