Астанада табысты кәсіпкер алаяқ болып шықты

Бүгін, 10:02 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қалалық прокуратураның ақпаратынша, ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде беріп, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Елорда прокуратурасы бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкіне құқық алу үшін заң мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынына назар аударады.

Тэгтер:

Алаяқ Астана кәсіпкер