Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 08:45 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 22 тамызда еліміздің көптеген қаласында ауа райы қолайлы болады. Алайда Ақтөбе мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді құбылыстардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауа сапасына әсер ететін негізгі факторларға желдің бағыты мен күші, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы жатады.