«Отбасы банк» 5% мөлшерлемемен екі ипотекалық бағдарламаны іске қосады

Бүгін, 17:28 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Жетісу мен Алматы облысында 5 пайыздық үстемемен жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар іске қосылып жатыр. Екі өңірдің жұмыспен қамтылған тұрғындары несие ала алады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жетісу облысының тұрғындарына арналған "Маман" ипотекасы

"Крыша" порталының мәліметіне сүйенсек, "Маман" ипотекасы да 25 тамызда іске қосылады. Оған Жетісу өңірінде тұратын, жұмыс істейтін келесі мамандық өкілдері қатыса алады:

"Маман" ипотекасының шарттары төмендегідей:

Бұл бағдарлама баллдық жүйемен жұмыс істейді.

Одан бөлек, қатысушыға Жетісу өңірінде кемінде 3 жыл тұрақты тіркеуде тұру, облыста бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы; соңғы 5 жыл ішінде үйге меншік құқығының болмауы (өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде) сияқты талап қойылады.

Бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 1 млрд теңге бөлінді. Қатысуға өтінімдер 2025 жылдың 5 қыркүйегіне дейін қалалық және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде қабылданады.

"Маман" ипотекасына қатысуға өтініш беру үшін алдымен әкімдіктен жолдама алу қажет. Сондай-ақ құжаттар мен анықтама жинау қажет:

Осылайша Қазақстанда пайыздық мөлшерлемесі төмен тағы екі жеңілдетілген ипотека ашылмақ.

Алматы облысының тұрғындарына арналған "Алатау" ипотекасы

"Крыша" порталының хабарлауынша, биыл 25 тамыздан бастап Алматы облысында "Алатау" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Оның шарттары:

Бұл бағдарламаға 18 бен 60 жас аралығындағы тұрғын үйі жоқ Қазақстан азаматтары, атап айтқанда: мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері және спортшылар қатыса алады.

Бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 3,7 млрд теңге бөлінді. 120-ға жуық адамға кредит беріледі деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, ипотекаға әзірге онлайн түрде өтініш беру мүмкін емес. Өтініштер Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, "Отбасы банк" ғимаратының бірінші қабатында қабылданады.

Тэгтер:

Алматы облысы Жетісу облысы Ипотека бағдарлама маман Алатау процент 5 пайыз