Өскеменде 6-қабаттың терезесінен құлап кеткен 3 жастағы бала ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 20 тамыз күні Карбышев көшесінде болды.
«Баланың миының соғылып, бас-ми жарақатын алған. Қазір ол Ана мен бала орталығының реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр.Бүлдіршіннің жалпы жағдайы өте ауыр. Қажетті көмектің барлығы көрсетіліп жатыр», — деп мәлімдеді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.