Алматы қаласындағы «Думан» шағын ауданында пәтерлердің бірінен 1987 жылы туған әйелдің пышақ жарақаттары бар мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматыдағы пәтерде әйелдің мәйітін оның туысы тауып алған. Оқиғадан кейін әйелдің күйеуі Алматы облысындағы ағасына барған. Сол жерде ол кісі өлтіргенін айтып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.
Аталған жағдайды Алматы ПД растады.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан болған. Ер адам әйелімен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салған. Кейін өзіне қол жұмсаған», – деді полицияда.