Күннен алапат плазма бөлінді – Жерге қандай қауіп төніп тұр?

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: xras.ru

20 тамыз күні Күннен ғарышқа орасан зор жалын бөлінді. Оның диаметрі бір сәтке Күннің өзінен де асып түсті, шамамен 1,5 миллион шақырымға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz science.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл жалынның бір бөлігі қайтадан Күнге құлап, отты жаңбыр сияқты көрініс берген. Содан кейін ол ыдырап, газ бұлттарына айналды.

Ғалымдардың айтуынша, плазма Жерге қарай емес, Марсқа қарай кеткен. Сондықтан бізге ешқандай қауіп жоқ. Егер бұл құбылыс бір апта кейін болса, онда плазманың жолында Жер тұрар еді.

Қазірдің өзінде Күннің белсенділігінен Жердің магнит өрісінде аздаған толқулар бар, бірақ олар адамға қатты әсер етпейді. Ал соңғы рет ірі жалын Жерге тура 2025 жылғы 1 маусымда тиген еді, сол кезде үш күн бойы магнит дауылы болған.

Тэгтер:

жер Күн қауіп магнит дауылы плазма