ҰҚК Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің бірқатар облысында заңсыз айналымдағы қару және оқ-дәрілер тәркілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҰҚК 2025 жылғы тамыздан бастап полиция органдарымен бірлесіп,прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз айналымдағы, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алып қойылды.
Көрсетілген фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.