Алматыда студенттерге арналған жаңа дағдарыс орталығы ашылды

Бүгін, 11:29 / Інжу Әлихан
gov.kz

М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің №4 жатақханасында 55 орындық дағдарыс орталығы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Онда студенттерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп, уақытша баспана беріледі. Кәсіби мамандар құпия кеңес өткізіп, қажет жағдайда заңгерлік және медициналық көмекке жолдама жасайды.

Орталықта қауіпсіздік пен өзін-өзі қолдау тақырыбында тренингтер мен ақпараттық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында студенттердің өтінішін қабылдап, мәселелерін жедел шешуге көмектесетін Ахуалдық орталықтар жұмыс істейді.

22 тамыз күні қаладағы студенттік жатақханаларда жаңа оқу жылына дайындық бойынша мониторинг жүргізіледі.

Тэгтер:

Алматы