Министрлік «АвтоЖол+» автонесиесі туралы ақпаратты жоққа шығарды

21 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «АвтоЖол+» жеңілдетілген автонесиесі туралы желідегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Министрлік бұл хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарламаның іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Аталған ақпарат жалған болып табылады және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін.

Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарға енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Сақ болыңыздар!»

Тэгтер:

министрлік ақпарат ресми АвтоЖол+