Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Бүгін, 08:41 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ұлттық банк қазақстандықтарға онлайн-сервистер мен мобильді қосымшаларды қолданғанда жеке деректерін қорғауға шақырды. Банктің мәліметінше, қаскөйлер логин, пароль, банк картасының деректемелерін ұрлау үшін фишинг, қауіпті сілтеме, жалған сайттар мен QR-код сияқты әртүрлі әдістерге барады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаскөйлердің негізгі әрекеттері

Дербес деректерді ұрлау үшін адамдарды ұтыс ойыны, конкурс немесе сауалнамаға қатысуға шақыру;

Ұрланған фото, бейне, аудио жазбаларды жалған аккаунттар ашу үшін пайдалану;

Қазақстан Ұлттық Банкі, құқық қорғау органдары немесе коммуналдық қызметтер қызметкері ретінде өзін таныстыру.

Азаматтарға ұсыныстар

Банк картасының деректемесі мен құпиясөзді ешкімге бермеу;

Интернетте жеке және қаржыға қатысты ақпаратты жарияламау;

Әлеуметтік желі мен мессенджерде құпиялылық параметрін тексеру, күрделі құпиясөздер мен қос факторлы аутентификацияны пайдалану;

Күдікті сілтемелерге өтпеу және банктен келген SMS-кодты үшінші тұлғаға хабарламау.

Егер дербес деректеріңіздің заңсыз пайдаланылғанын анықтасаңыз, Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне немесе құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Консультация алу үшін Ұлттық Банк 1477 қысқа нөмірі арқылы байланысуға болады.