Синоптиктер бейсенбі, 21 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оған сәйкес, мына өңірлерде аптап ыстық болады деп күтіледі:
- Алматы облысында: +35°С,
- Маңғыстау облысында: +38°С.
Еліміздің оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық майдандар Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтап, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде нөсер жаңбыр болады, батыста, солтүстікте бұршақ жаууы және дауылдың тұруы мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс желдің күшеюі болмақ, батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі, – деп жазды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.