Стенд атудан Азия чемпионатында спортшыларымыз қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 05:00 / Нұрлан Әлинұр
Фото: olimpic.kz

Шымкентте спорттық атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы стенд атудан өз жеріндегі турнирде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анастасия Молчанова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ол "скит" бағдарламасында сәтті өнер көрсетті.

Алтын медальды Қытай спортшысы Цзян Итин иеленді. Оның командаласы Чэ Юйфэй екінші орынға табан тіреді.