Герат провинциясында жолаушылар автобусы, мотоцикл және бензовоз соқтығысып, ірі өрт шықты. Соңғы деректерге сәйкес, қаза тапқандар саны 79-ға жетті, олардың ішінде 19 бала бар. Тағы бірнеше адам ауыр жараланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 19 тамыз кешке Гузара ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, автобустан небәрі үш адамды ғана құтқару мүмкін болған, себебі өрт бет қаратпаған. Жергілікті билік пен дәрігерлер көптеген денелерді тану мүмкін емес екенін хабарлады.
Герат әкімшілігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты, ал құтқарушылар мен дәрігерлер дереу оқиға орнына жеткен.