Токио Олимпиадасынан кейін көптің бетіне қарауға ұялдым - Бекзат Нұрдәулетов

20 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы
Қазақстан бокс федерациясы

Белгілі боксшы Бекзат Нұрдәулетов спорт журналисі Ақырыс Сейітқазыға сұхбат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бокстан әлем чемпионы Токио олимпиадасындағы жеңілісінен кейінгі сәтті айтты.

«Жекпе-жектен кейін ешкіммен сөйлесетін жағдайда болған жоқпын. Сөйлескен жоқпыз, жиналып қамданып жүрдік. Сол жақта жүрудің өзі ұят болып көрінді. Сол жақта қаншама біздің басшылар жүрді, ұлттық құраманың адамдары жүрді. Олардың бетіне қарауға ұялдық. Сол жүрген кісілерге өзіміздің атмосферамыздан бөлек жаман энергиямызды бермейік деген оймен, алға шыққан ағаларымызды қолдап, елге қайтып кеттік», - деді Бекзат Нұрдәулетов.

Сұхбаттан бөлек спортшыға қатысты журналист әлеуметтік желіде пікір білдірген.

«Бекзадтан Токио Олимпиадасында жүлде күткен жанкүйердің бірі мен едім. Өкінішке қарай, Күншығыс еліндегі бәсеке сәтсіз өтті. Десе де, боксшының қайта жиналып, қайтадан күш тауып, ұлттық құрамаға қосылғаны қуантады. Ер жігіттің басынан талай нәрсе өтеді, бастысы - өз бағытыңды жоғалтпау!», - деп жазды ол.


 

Тэгтер:

бокс Бекзат Нұрдәулетов