Полиция Астанада орынсыз пранк жасаған жігіттің видеосын көрсетті

20 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеосын анықтады.

Осы оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция мұндай «әзілге» жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.

Тэгтер:

Полиция пранк