Сейсенбі мен сәрсенбіге қараған түні Жапонияның бірнеше аймағының тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған нысанды көрді. Бұл құбылыс Кюсю және Сикоку аралдарының префектураларында, сондай-ақ Хонсюдағы Кинки өңірінде тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Куәгерлер нысанды «құлап бара жатқан жарқыраған шар» деп сипаттады.
Жапонияның ең ірі телеарналары, соның ішінде NHK, елдің әртүрлі әуежайларына орнатылған бақылау камераларынан алынған бейнежазбаларды көрсетті. Олардың қатарында Осака қаласындағы халықаралық Кансай әуежайы да бар.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға ешқандай қирау немесе зақым келтірген жоқ.
«Бұл жарқыраған шардың болид екеніне күмән жоқ деп ойлаймын. Әбден мүмкін, ол мұхитқа метеорит ретінде құлап түскен шығар», – деді Сэндай ғарыш мұражайының директоры Тосихиса Маэда.
Айта кетейік, болид – деп бұрыштық өлшемдері айқын көрінетін жарқын метеорды атайды.