Астанада үш қайырымдылық қоры 8 жасөспірімді пайдаланып, қоғамдық орындарда заңсыз ақша жинатқызғаны анықталды.
Прокуратураның ақпаратынша, олардың жасы 15-17-те. Тексеру кезінде олардың ешқайсымен еңбек шарты жасалмағаны белгілі болды. Үш қайырымдылық қоры оларды волонтер ретінде тартқан.
Тергеу мәліметінше, бұл қорлар «қайырымдылық» деген желеумен өзге мақсаттарға шамамен 340 млн теңге жинаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартқаны үшін қор басшыларына қосымша құқықтық баға берілмек.
Прокуратура қайырымдылық қорлары мен ата-аналарды балалардың заңсыз әрекеттерге қатысуына жол бермеу үшін балалардың жұмысына, соның ішінде волонтерлік және басқа да іс-шараларға мұқият болуға шақырамыз.