Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды

20 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Алматы облысында Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды. Ол марқұм Шерзат Болаттың ісінде аты аталған «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі ретінде белгілі, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Азаттық рухына сілтеме жасап. 

Бұған дейін, былтыр қарашада Қасымбаев уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланған болатын. Оған 2021 жылы ММА жауынгері Арман Алимовты ұрлап, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдік келтірілуде.

Осы іс бойынша бес күдікті бұрын сотталып, қазір жазасын өтеуде.

Хасан Қасымбаев бұған дейін бейнеүндеу жасап, жасөспірімді өлтіруге және «Хуторские» тобына жетекшілік етуге қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарған.

Полиция Қасымбаевтың ұсталғанын растады және оның ісіне қатысты жаңа деректерді жариялады.

5 қарашада Қасымбаевтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Тэгтер:

Сот Талғар Хасан Қасымбаев