«Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы»: Әнару Қалдыбек тағы да үн қатты (ВИДЕО)

Бүгін, 16:20 / Інжу Әлихан

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің қызы Әнару Қалдыбек желіге жазба жариялап, өз шындығын ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тура бір жыл бұрын танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп үстінен арыз жазған ол беті қан-жоса суретін желіге жүктеді.

«Мен 1 жыл бұрын аварияға түсіп бетім осындай болған. Жәй ғана таксиға отырып, үйіме бара жатқан кезімде... Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен @kaldybek_kurmanali нің бірінші қызымын, тұнғыш қызы. Бірақ осындай аласапыран өмір сүріп жатырмын... Менде бұндай суреттер өте көп. Және бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар... Егер қаласаңыздар осы жерге біртіндеп барлығын шығаратын боламын... Сіздердің қолдауларыңызбен... Бірақ Анамның көзі тірісінде бір тал шашыма да зиян келмеген еді», – деп жазды ол.

Әнару әкесіне әсерлі жазба арнап, өзін қорғауын сұрады.

«Әке Сізден басқа қорғаным жоқ... Қатты қапалымын, өзімді тастанды және қорғансыз сезініп келемін. 29 жыл бойы... Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы. Мен әлсізбін... Осындай алаяқтардың жемтігі қылмаңыз мені... Сізден басқа қорғаушым жоқ... Сенерім Алла мен сіз ғанасыз...», – делінген жазбада.

 Сондай-ақ ол жеті жыл бойы танымал боксшыдан қорлық көргенін мәлімдеді.

«7 жыл бойы мен осы адамнан қорлық көрдім... Мені барлық жағымнан қорлап, бопсалап, қорқытып ұстап келеді. Жетім деп басыма мінді. Әйелі екіқабат болған екен мен пәкпін, баламын. Оның үйлі екенін де білмей сеніп араласқан едім. Сөйтсем бұл адам әйелі қыз туғаннан кейін маған көңіл бөліп мені маңайлап жүр екен ғой. Сұмпайы араласа келе қалай оның зорлығына тап болғанымды түсінбей қалдым. Сонымен қоймай әкеме @kaldybek_kurmanali ағама @asylkazak8 хабар айтпағанмын. Тыныш осы 7 жыл бойы одан қорқақтап, іштей тозып қиналып шыдап келген екенмін осы адам кейпіндегі ібіліске... Осы адамға жолыққалы бері өмірім құлдырап кетті...», – делінген жазбада.

Тэгтер:

Жанқош Тұраров Қалдыбек Құрманәлі Әнару Қалдыбек