Мысық неге қиярдан қорқады?

20 тамыз, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Желіде мысықтардың қиярға көрсеткен реакциясы бар видеолар жиі таралып жатыр, әсіресе мысықтар тамақтанып жатқанда, қияр көрсе, қатты шошиды, деп хабарлайды turkystan.kz independent.co.uk-ге сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, бұл мысықтардың табиғи шошу рефлексіне байланысты. Тамақтанатын орын – мысықтар үшін қауіпсіздік белгісі болғандықтан, артында кенеттен нәрсе пайда болғанда олар үркіп, тез қашады.

Сондай-ақ, кейде мысықтар қиярды жыланмен шатастыруы мүмкін. Жыландар – олардың табиғаттағы қауіпті жауы, сондықтан мысықтар қиярды көргенде шошиды.

Қарапайым сөзбен айтқанда, қияр – мысық үшін күтпеген «қорқыныш» болып көрінеді, сондықтан олар үркіп кетеді.

Тэгтер:

мысық қияр қорқыныш фобия