Жаңалықтар

Наманғанда қырғыз-өзбек шекарасына қатысты келіссөз жүріп жатыр

ашық дереккөзі

Наманғанда қырғыз-өзбек шекарасына қатысты келіссөз жүріп жатыр

Өзбек қаласы Наманғанда 10 сәуірде Қырғызстан және Өзбекстан үкімет делегациясының мемлекеттік шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөнінде келіссөз басталды. Қырғызстан үкіметінің ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің хабарлауынша, келіссөз 20 сәуірде аяқталады. Екі елдің үкімет делегациясы жұмыс тобының отырысы ай сайын өтіп келеді. 2016 жылдың тамыз айынан бері он кездесу өткен. Қырғыз-өзбек шекарасының жалпы қашықтығы 1378 шақырым. Оның 320 километрі қай елге кіретіні белгіленбеген. Осы үшін аймақтарда ара-тұра қақтығыс орын алып отырады.