Президент Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады

20 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы сапар Садыр Жапаров