Бестеректегі апат: облыс әкімдігі қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсетеді

Бүгін, 07:59 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Абай облысының Үржар ауданында орын алған апаттан мерт болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, қаза болғандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау, сондай-ақ психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Қазір оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.